file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  269


Автор: Рза Қунақова

ОН ЕКІ ЖҰЛДЫЗ

Он екі Ердің құт мекені – Үшарал,
Жұлдыз болып жанды мұнда күш адал.
Бүгінгі ұрпақ қандай ғана бақытты,
Келер ұрпақ, ойлан, асып түс одан.
Он екі Ер, естіген жан сүйінді,
Жүрекке жыр, көңілге күй құйылды.
Жарқырады Алтын жұлдыз он екі,
Отан-Ана, қабыл алдық сыйыңды.
Артқа тастап асудан соң асуды,
Білеміз тек алға ғана басуды.
Бір совхозда он екі Еңбек Ері бар
Құрметіне шашайық біз шашуды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу