file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  203


Автор: Рза Қунақова

АҢЫЗ

«Кептер» екен жер аты, шағын қыстақ,
Жайқалған қалың ағаш, шолақ көше.
Сұрадық жас жігіттен сөзбен қыстап:
«Неліктен осы жердің аты өзгеше?»
– Қарттардың айтуына қарағанда,
Аңыз бар, – деді бізге əлгі жігіт. –
Ертеде жаугершілік тар заманда
Осында үзіліпті күткен үміт.
Жау шашып, екі жақтан болған қырғын,
Шабысып, найзаменен қылыштасып.
Тым болмаса қалмапты бірер тұрғын,
Қаңырап, қару соққан тұр ұстасы.
Тірі жан жоқ, өлексе маңайдағы,
Сыбағасын алған жау жатыр жусап.
Келді ауылға жалғыз қыз тоғайдағы,
Отын алып көтеріп, қатты сусап.
Сұмдықты қыз көреді көзіменен,
Жылайды қарғыс айтып жауларына.
Білмеді шошынғанын өзі неден,
Кептер боп ұшып кетті тау маңына.
Қазір жүр кептерлер арасында,
Қыстаққа барады ол жиі ұшып.
Отырып уілдейдіүй маңында,
Жылай ма сол оқиға еске түсіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу