file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  132


Автор: Рза Қунақова

ШУ БОЙЫНДА

Күн шыжғырып төбемізден,
Құмның лебі беттен өбер.
Қашқан жандай тегі бізден,
Асау толқын жөңкіп берер.
Сусындаттың паң даланы,
Ну тоғайға бөленді өлкем.
Қарағанда көз талады,
Жағаңда тұр үйлер көркем.
Құмдағыңа аунай берем,
Еркін жүзіп айдыныңда.
Мұнда кілең қайсар өрен,
Тартып туған айбыныңа.
Сенің майлы топырағың,
Мен үшін бір алтын кесек.
Жағаңда өскен жапырағың,
Аунағанда жұмсақ төсек.
Ақ жүзімді аймалайды,
Жібек самал желпіп күнде.
Көктен күліп Ай қарайды,
Серуендесем тымық түнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу