Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
138

КӨП ЖЫЛДАН СОҢ
Қаншама жыл өтті.., туған мекенім,
Қиялыммен ылғи саған жетемін.
Топырағыңнан ұзамаған шақтарда
Қадіріңді білмей жүрген екенмін!
Анам берген ащы құртқа табынам,
Маңғаз, асқақ тауларыңды сағынам.
Құстар құсап оңтүстікке асыққан,
Мен де саған тез жетсем деп сабылам.
Қымбат маған əр шыбығың, əр талың,
Қымбат маған тау мен тасың, алқабың.
Уа, туған жер, бозторғайың мен сенің,
Сенің əнің қайда жүрсем де айтарым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter