file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  111


Автор: Рза Қунақова

ЖЕР – АНА

Жер – Ана!
Жерге түстім шыр етіп,
Сенде аттадым, есейіп.
Саған тартып өсейік,
Деген жырды жаттадым.
Жер – Ана!
Жастық атты əнімді,
Сенде тұрып айтамын.
Əр сапардан жанымды,
Күйге бөлеп қайтамын.
Жер – Ана!
Сенде өмір сүреміз,
Сенде барлық тіршілік.
Арман қуып жүреміз,
Бір күліп, бір күрсініп.
Жер – Ана!
Сенсіз бар ма тіршілік?
Сенсіз болмас бақыт та,
Жерсіз өспес бір шыбық.
Сондықтан мен жыр етіп,
Жерде жүріп, жерде өліп..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу