file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  139


Автор: Рза Қунақова

АЛМАТЫ ОТТАРЫ

Қаланың аруларының
Жымыңдаған күлім көздеріндей,
Менің бауырларымның
Жүректегі жылы сөздеріндей.
Түнімен жайнап тұрар,
Жұлдыздармен жайнап тұрар
Алматы оттары.
Ымдасып көктегі Аймен,
Нұр шашып гүлзарларға,
Сырласып көп тоғаймен,
Қол созған құзарларға.
Бір сөніп, бір жанатын,
Қарасаң, көз талатын
Алматы оттары.
Моншақтай тізілген бір,
Шұғылалы нұрлы шамдар.
Жайнаған үзілген гүл,
От болып атар таңдар.
О, алтын алқалардай,
Күлімкөз қалқалардай
Алматы оттары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу