Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
101
АРМАН
Қайтқан құстай қанаттарын бұлғаған.
Шаттық емес, сыйлап кеттің мұң маған.
Жүрегіме ұя салды қасірет,
Қасіретке қашанғы енді құл болам?
Жазға жетпей жазатайым солды гүл,
Сені көру жазған құлға болды мұң.
Мендей сені армандайтын жан бар ма?
Сендей мені сүйер дейсің енді кім...
Жан едің-ау періштеге барабар.
Жалғыз-жадау ендігі күн не болар?
Айдалада жапа шеккен жандайын
Кім аяйды жүрегімді жарадар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter