Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  112


Автор: Исраил Сапарбай

Аспан үзіліп түсті...

Аспан үзіліп түсті...
Тағдырымды тілдедім.
Кірпігіме ілгенім
Жас па, аспан ба, білмедім.
Аспан дегенім шыны екен,
Аяғы, басы кәні?
Үзіліп түскені шын екен –
Жан-жаққа шашырады.
...Сүйіктім, жарамадың
Тым құрса «қош» деуге де.
Қалайша қамаламын
Қараңғы бос кеудеңе?
Елесің жырақтанды..,
Ерке едің бұла жастан.
Жұлдыздар жылап қалды,
Үстіме құлап аспан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу