Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  94


Автор: Тұрсын Жұмаш

ЖАНАТҚА

Өңімде көрген қызық, түске де кір,
Арман өліп барады іште небір...
Робинзон Крузоға қызығамын,
Өмір сүрген аралда кішкене бір.
Жалғыздыққа көңілдің ауғаны анық,
Өмір сүрсем қайтеді тауға барып?
Немесе жалғыз өзім бір бұрышын,
Он сегіз мың ғаламның жаулап алып...
Әйелді де білмесе, ешкімді де,
Арайға да қызықпай кешкі мүлде,
Ақындықтан қол үзіп, ешкі бағып -
Корольды да менсінбей, пешкіні де...
Солай етсек бұл өмір өзгере ме,
Еркектер де әйелше сөзге ере ме?
Робинзон Крузоға қызығамын,
Жас толады, Жанат-ау, көзге неге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу