Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
111

Арман вальсі
Әні де, сөзі де Кәрім Жұмағалиевтікі
Сарағаш қаласында,
Табиғат саясында,
Армандай шипажай бар,
Демалсаң аясында,
Сауығып қаласың да.
Қайырмасы :
Арманның шипажайы,
Тұрмысы жанға жайлы,
Суы бал дертке дәрі
Емі де сонша нәрлі,
Арманның шипажайы,
Арманның шипажайы.
Жұмақтың пішімінде,
Не керек, бәрі ішінде.
Шипалы емханасы,
Ауқатты асханасы,
Жататын баспанасы.
Қайырмасы :
Арнаған осы әнім,
Өзіңе табынғаным,
Жылына бір келмесем,
Сені Арман сағынамын,
Сені Арман сағынамын,
Аңсаймын сағынамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇