Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
437

Сүйкімді қыз
Сүйкімді қыз, көзінің жайнауын-ай,
Сүйкімді қыз, жанының жайлауын-ай.
Сенің мінген күймеңе, егде тартып,
Әттең! Әттең! Жете алмай қалғаным-ай. 2 рет
Ғажайыпсың, жоқ екен өзіңде мін,
Бұрқыратып жібердің сезім лебін.
Жүрек шіркін шәу тартқан шығар бәлкім,
Бірақ, қыран көзіндей көзім менің. 2 рет.
Өткіздік қой сері боп бұл өмірді,
Айту қиын дәл қазір тілегімді.
Көзім рентген, сезімнің сәулесімен,
Көріп тұрмын тулаған жүрегіңді. 2 рет
Сырласуға жас алшақ, уақыт тығыз,
Қыс та түсті далада, қатыпты мұз.
Көктемімді тағы бір елестеткен,
Бақытты бол, бар болғыр Сүйкімді қыз!.. 2 рет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇