Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
122

Нәрекеңе
Досым Нәсір Әбіләзовке арнаймын
Па, шіркін, Нәке бүгін ауа қандай?
Адамзат, жан-жануар таңқалғандай.
Ұлпа қар, жердің бетін аппақ қылып,
Табиғат жайнап кетті жаңғырғандай.
Қансонар, жанға жайлы, күн тымырық,
Тұрған жоқ ауа райы мың құбылып.
Анда-санда бас қосып уақыт тауып,
Келейікші бақтарды бір қыдырып.
Үйде отырсам, жұмыссыз жалығамын,
Беймаза ішім пысып тарығамын.
Әңгіме-дүкен құрып, әзілдесіп,
Жүргенді Нәке сізбен сағынамын.
Атакент-бағын барып аралайық,
Жастықты өтіп кеткен еске алайық.
Сіз «Мұғалім» мен «сырттан оқушы»-боп,
Ресторан, Кафе, Бар-ды жағалайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter