Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  91


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Қаз көктем

Қаз дауыспен келдің бе, қаз көктемім,
Кейін серпіп қанатын назды өкпенің.
Отыз жасты аяқтап қалғаныммен,
Дүрсілдейді жүрегім мәз боп менің.
Ақтарылып айтарым аз ғана тым,
Жаңбыр алып келе ме қаз қанатың?!
Қаз дауыспен күнді де күркіретіп,
Сазды ағыспен көктем деп жазған атың.
Кенелгенде сол көктем қаз дауысты,:
Мына менің көгімде аздау ұшты.
Өз сыбағам деп жүрсем меншіктеніп,
Қаз көктемім байқатпай жазға ауысты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу