file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  132


Автор: Ермұрат Зейіпхан

АРМАН ҚЫЗ

Көзіңді төңкергендейсің,
Бақыт боп көмкергендейсің.
Жүрегім өртенгендейсің,
Қайғымды серпер мерейсің.
Ал енді, еркем, не дейсің?!
Қайырмасы:
Бұлақтай сылқ-сылқ күлгені-ай,
Бұрала былқ-сылқ жүргені-ай.
Өзіңнен үміт қылып Күн арай,
Батады тұрып-тұрып түндегі Ай.
Сенде де арман бар ма екен?
Әлде бұл жалған жар ма екен.
Жаныммен неге жанды екем,
Мендей де аңғал бар ма екен,
Дәрменсіз сондай халде екем.
Қайырмасы:
Сүйер ме ең бүлдірген ерін,
Сырымды білдірмек едім.
Көңілімнің мың бір дерегін,
Күй болып күмбірлегенін,
Өзіңе білдірмек едім...
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу