Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
143
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
ШЫРЫН-АЙ
Арғы жағы Алтайдың Қобда деймін,
Көш келеді байсалды жолда деймін.
Ақ арғымақ алшаңдап ару келеді,
Аңсап жүрген арманым сол ма деймін.
Қайырмасы:
Шырын-ай, шырын-ай,
Сағыныштан салған әнім, жырым-ай!
Арғы жағы Алтайдың Қобда мекен,
Қобда неге баянды болмады екен.
Алыс қалған қайран жер, қайран мекен,
Бағыт еді-ау қонатын қолға некен.
Қайырмасы:
Жеткізетін даламның жан сыбырын,
Тәтті әнінен Алтайдың салшы бүгін.
Мен де өзіңдей сағындым туған елді,
Өзің болшы дауасы бал шырыным.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter