Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
81
ЕРЕНТАУЫМ
Басында Ерентаудың қар жатады,
Сақталған ескі күннен нәр жатады.
Ол менің арманымның асқарындай,
Жанымның сағынышын лаулатады.
Қайырмасы:
Ерентауым,
Ерентауым,
Сағынып бір өзіңді,
Келем – тауым.
Өзіңді киік жайлап жатпады ма,
Қырандар ұя салып жақпарыңа.
Бүркеніп бозғылт тұман тұрған тұлғаң,
Әкемнің ұқсайды ойға батқанына.
Қайырмасы:
Орманың ойлы, самал тербететін,
Жанымның дауасы еді емдететін.
Жүрсем де өр жұмақта, өзге төрде,
Сені аңсап бір сағыныш меңдететін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter