Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
131

Оятты-ай, өйтпей қояр ма...
Оятты-ай, өйтпей қояр ма,
Тоятты-ай, көріп тояр ма.
Төсіңде екі-ақ боз үй,
Ләззатқа қанып болар ма.
Дір еткей жүрек, дір еткей,
Балғын тән қайтсын құл етпей.
Екі ақбоз үйді көмкерген,
Қос қара бұрым білектей.
Жебесі сезім рухының,
Қандауыр қара кірпігің.
Бір ұстам мықын, үр нұсқаң,
Құртар әлем құлқынын.
Кернеген бойды дауыл ма?
Өрт болсаң солай жалында.
Көзім де қолым бармай тұр,
Тәніңе көрпе жабуға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇