Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
121

Сұр шулан бұлт төнеді....
Сұр шулан бұлт төнеді,
Күркірі жер тебеді.
Қозышы қыз үрейлі,
Бауырыма енеді.
Ақ, сары, қан – көбелек,
Төскейде жүр көбелеп,
Әдемісін сол қызға,
Сыйлағаным, керемет!
Сол көктемдей мырза жоқ,
Гүл сыйлаймын қызға көп.
Әжеме айтып мақтанып,
Отырғаным ырза боп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇