Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
156

САҒЫНТАЙ СҰҢҒАТАЙҒА
Сарыөзен бойы сары қамыс,
Сары қамыс түбі сары өлең.
Сағыныш тегі ар-намыс,
Сағынған жанның зары ерен.
Сарыөзен – жайық, қысаңды,
Қысаңнан аттап өтсемші?!
Тартқанша сенің құсаңды,
Айдыныңа шөксемші?!
Бейбақта шабыт кернесе,
Сарыөзен күйін төгер-ді.
Күйіктен қайран, өлмесе,
Майданнан ізде өр ерді.
Шүлентау менен Мәнжі тау
Пай, пай, пай, айтсаң кім нанар?!
Мен бе едім жалғыз мұң жұтар,
Мен едім жер деп жынданар...
Сарыөзен – тәмам қызығым,
Сақ-Ғұнның аз ба құрбаны...
Іле, Ертіс – қызырым,
Тұр кері мойын бұрғалы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇