file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  143


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Белімді шешем, беліңді шешем...

Белімді шешем, беліңді шешем,
Қандырып алғаш шөлімді, көшем.
Көшкем де қонғам,
Қонғам да тоңғам.
От іздеп тағы... Кешеді, кешкен!
От іздеп отыз барамын асып,
Қаламым ғашық,
Ғаламым қашып,
Талғаусыз емес, аңдаусыз құрғыр,
Сырымды кейде аламын ашып.
Қош дей саламын, қо-о-ош дей саламын,
Таңертең дана, кеш бейшарамын.
Өшетін жерде өшпей бағам да,
Көшетін жерде көшпей қаламын.
Бүгінгі кешті кешегі кештен,
Пәс көріп, маңға қараймын өшпен.
Десе де адам,
Тас емес екен,
Бұрында мені... кешеді, кешкен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу