Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
106
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
Мұңды жапырақтар, мұңды жапырақтар...
Мұңды жапырақтар, мұңды жапырақтар,
Жұлдызбен бірге мені бақылап қал.
Нуыңды кешіп, суыңда есемін,
Сезіп жатыр ма алыс атыраптар?..
Түнгі жапырақтар, мұңды жапырақтар,
Сырыңды қайдан білсін ақымақтар.
Көлдетіп көзді, бауырыңа енемін,
Шығыңды сен де кел, басыма ақтар.
Қырдың астында білем жатыр ақ таң,
Ақылар күшін елге «батыр-ақ тар»
Жыласып алайық, сырласып қалайық,
Түнгі жапырақтар, мұңлы жапырақтар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇