file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  173


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жоңғарда жөнім паш болып...

Жоңғарда жөнім паш болып,
Жолдар да, жолдар өрдім мен.
Таң «тіріліп», кешке «өліп»
Ырқына сезім көндім мен.
Жоңғарда жұлдыз жанды алғаш,
Жоңғарда сөнді беу, арман.
Жоңғарда көл боп тамған жас,
Жоңғарда шашым ағарған.
Жылдарда түскен араға,
Бұл басқа мұз не, дерт қонды.
Жоңғарда түскен жараға,
Тұз себу машық, серт болды.
Алматыдан сәл ұза...
Жетеді дала, сары сағым,
Бітпейді-ау жүрек парызы, ә?!
Жоңғарға ауар аңсарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу