Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
149
Тәтті ұйқыда жатыр ма едің...
Тәтті ұйқыда жатыр ма едің,
Татыр ма едің бір ғұмырға?!
Арманымның ақырғы «елін»
Қондырамын күзгі қырға.
Өңімде сен, түсімде сен,
Түсін десем бұрылар ма ең?
Қолыма қон, құсым, десем,
Пәруана боп ұрынар ма ең?
Жас емеспін, маспын бірақ...
Қаштың жырақ, жан құмарым.
Нәлет ақыл! – бастым құлақ,
Сұлулармен мәнді маңым.
Ұйықтай ғой менен оқшау,
Менен жақсы-ау, жайың қарғам?!
Бір түкпірден келеді ақ таң,
Жамылғаны – уайым, арман.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter