file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  162


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Көктемім сілбірең...

Көктемім сілбірең,
Ілбіген дімкас уақыт.
Күндер сұр кілең,
Сызын тұр басқа құлатып.
Сүлкіні пәс-ақ,
Сұрқын-ай келген досымның.
Менде бары осы-ақ,
Мұңына қосақ – қосылдым.
Терезе жылаған,
Кенезе өксік шылаған.
Достан шығар ма ән?!
Шығатын шығар, сірә, жан.
Жыл осы арада,
Алады бізді азаптап,
Тұр босағада,
Қолшатыр көкшіл мазақтат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу