file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  137


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Кәукен Кенжетайұлы

Әкем Зейіпханның құрдасы, қазақ өнерінің ерен жүйрігі, халық артисі,аяулы ұстазым Кәукен Кенжетайұлы 80 жасқа толған мерейтойда айтылған толғау


Ақбеттаудың бауырында Айман бұлақ,
Естіді сәби даусын қойған құлақ.
Ән келген, әнші келген сол азанда,
Іңгәсі-ақ, ұлағатын жайған жырақ.
Ақбеттаудың бауыры Қызылшілік,
Ән есті шіліктерден «ызың» шығып.
Өр келген, өнер келген ғұмыры отты,
Мұң құрсау көңілдердің мұзын сылып.
Бала еді шынашақтай, қара борбай,
Ұлы өнер қамалар ма дара торда-ай?!
Табынтты өнер атты құдіретке,
Қалидың алдында айтқан – «Қараторғай».
Бақ қонып Байжановтан бата алдың ба?!
Жол тарттың Шәкеніңмен қатар қырға.
Балалық Әбдірақым атың ғайып,
Жөнелдің «Сері Кәукен» аталдың да.
Кім сорлап туар дейсің анасынан,
Көріндің енді соғыс додасынан.
«Жас Қазақ» «Жолдастарды» шығандаттың.
Жат жерде, оқ пен оттың арасынан.
Ұқтырар бұл өмірдің кең-тарлығын,
Театр жарылқаса тарқар мұңын.
Сахна – еске алады – «Жанботасын»
«Бекежан», «Амангелді», «Ертарғынын».
Сексен де сезіміңді селдіретпей,
Бас, қане, «Жиырма беске» сен бір өктей.
Жырынды жүрек қалай шыдар енді,
Қыздардың ет-жүрегін ежіретпей.
Қамшың не, нағыз тұлпар шабады ыммен,
Тұлғаңнан көп қасиет шоламын мен.
Жүзге кел асыл – Кәукен, онан ары,
Көрерсің ақылдасып Шабалыңмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу