file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  124


Автор: Ұлыхан Сұлтанқызы

Таныс бұлақ

Көзіме жасым іркіп,
Қия алмап едім кетерде.
Сағыныш әнін жосылтып,
Оралдым ата мекенге.
Баяғы терек шолпылы,
Баяғы талдар сырғалы.
Тебіскен тентек толқыны,
Баяғы өзен қырдағы.
Баяғы түбек балауса,
Баяғы аспан аясы.
Баяғы жасыл алаңша,
Баяғы қайың саясы.
Басына келіп бұлақтың,
Шашымды жуып қайта өрдім.
Балалық кетті ұзап тым,
Өкінгенмен қайтермін!
Үңілдім мөлдір «айнаға»
Баяғы қыз жоқ кекілді.


Баяғы таныс айнала,
Жатырқап қалған секілді.
Сезімді тәтті жыр іздеп,
Бұлаққа төніп барамын;
Ойлы көз «әйел» сыр іздеп,
Қадайды маған жанарын.
Деймін бе оны «жеңеше»,
Деймін бе «апа» не дермін.
Деймін бе «құрбы» немесе...
Қай ойыма сенермін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу