Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
120
Жебе – ғұмыр
Аққан жұлдыз – көңілім қыдырмашы,
Жауған жаңбыр – жанымның ғұмыр жасы.
Таңда ашылып, жабылар самнан кейін,
Аспан, жердің – көкжиек сыдырмасы.
Таңда қауыз жарамын, кешке сіңем,
Тағдырымның із қалар өкшесінен.
Таң мен түннің жортамын арасында,
Даңғыраған мәңгі жол жоқ көсілген.
Қойшы бәрін,
Сөз деймін неге мұны,
Шындық шығар өмірдің тегеуріні.
Қара жерге қадалар қайта барып,
Адырнадан тартылған жебе – ғұмыр.
9 қаңтар 2007ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter