Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  194


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ұлыма

Күлдір-күлдір кісінеген, құлыным,
Өр Алтайда жүрсің бе естіп тұнық үн.
Өзегіңмен өрдің бе екен, жан ботам,
Ертіс пенен Үліңгірдің бұрымын.
Сәби саусақ жайылды ма көгіңде,
Ақ нұрлардың арасында төгілген.
Сағындым ғой сенің туған жеріңде,
Сағындың ба менің туған жерімде.
Мұңның қышқыл жалыны ұрып жүзімде,
Айғыз-айғыз шимай қалып ізімде.
Мен даласын аңсаған бір ғаріппін,
Дала болып қалатұғын түбінде.
Мен даламын, сен даланың жырысың,
Саған төгем күнде жоқ нұр тым ыстық.
Мен мәңгілік кеңістікте самғаймын,
Ал сен менің ұлымсың!..



3 желтоқсан 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу