Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
111
Үдеген өрттей, жүдеген дерттей обырмын...
Үдеген өрттей, жүдеген дерттей обырмын,
Тілімді шайнап тылсымын жұтам Тәңірдің.
Шаранадан шықпай шашылып кетіп жалғанға,
Құлыптасына айналғам барлық қабірдің.
Мен солай қалқам келмеген жанмын
жерге түк,
Жаным боп менің жапанда жатар жел жосып.
Түңілген кезде түк сезбей кетем түнек боп,
Жылаған кезде төгемін жасты селдетіп.
Қуанған шақта ашылам күндей, аспандай,
Меңіреу кезде меңірейемін тастардай.
Адамзат жайлы әңгіме шертісіп отырам,
Жабірейілменен ауыз жаласқан достардай.
Менсіз де мынау ғаламда жарқын күлкі өрер,
Күн сөнер және тұңғиық талай түн келер.
Бәрін де қойшы, кеңістік жаққа көшкенде,
Ажал ғой менің ақиқат досым шын сенер.
6 қараша 2006ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter