Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
123
Жайлауым менің
Ана – самырсын, баба – қарағай,
Шүбат тұмалы саба салам - ай.
Қызғалдақтарың қыз ерініндей,
Қарақаттарың қара танадай.
Жұмбақ жоталы жайлауым менің,
Қойныңда сенің қойлы ауылды елім.
Ата-бабамнан аманат болған,
Армысың, арма, аймағым менің.
Жартастарыңа жаңғырып үнім,
Өзіңде өтті балғын ғұмырым.
Жайлауым саған сағынып жеттім,
Мәйегі сенсің мәңгі жырымның.
Жайлауым менің – атамекенім,
Сағынып аунап жата кетемін.
Төсіңде мініп асау тайға алғаш,
Өмірдің сезгем асау екенін.
29 тамыз 2006ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter