file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  129


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жайлау. Балалық

Көшпен бірге көшетін бұйра бұлттар қазбауыр,
Алқам-салқам асықпын, ғашықпын сол жазға кіл.
Таңсәріде қозыны бүрген сайға қуып сап,
Жабағыны тулатсам салып алып сазға бір.
Ақсөңке мен бұтақтан әкеліп берсем апама,
Іркіт жұтып бір тостақ, құрт толтырсам қалтама.
Сайды өрлетіп бұзауды, сарана, бек қазып ап,
Әнге салсам көршінің қыздарына жар сала.
Жал басынан жаңқаға міне салып табанда,
Күреңсемен зулатып бірақ түссем тағанға.
Шайірмен алдап апамды,
Сарана мен бегімді
Бұрынырақ бауырсақтан сала қойсам қазанға.
Балалығын жайлаудың жүрмін досым аңсап тым,
Рахатын бір рет көрер ме едім сол шақтың.
Үйездеген қозыны шығара алмай бүргеннен,
Теріскей жақ бетіне мызғап кетсем жартастың!



3 шілде 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу