Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
95
Жоқ қарау
Жаратқан атым сары таң астырып,
Бетпаққа бет алып жортады осқырып.
Күңіренген иенде молаға қонып,
Қанжығамдағы малтаны ас қылып.
Сары далаға сіңіп барамын,
Торыйды түздің қорқау қасқыры.
Ернімді аптап тілімдеп айғыз,
Қырқадан қарайды дірілдеп ай - қыз.
Қарақшы тігілген қай бір төбеден,
Сұңқылдап жатады іңірде байғыз.
Жаралы жаныма жалын бүркеніп,
Қапырық ойдан қаным бір кеуіп.
Сексеуіл басқан сетер құмдардың,
Адаса жүріп адырын кезіп.
Жоқ қарап кетіп барамын иенге,
Сұлбамды даланың сағымы созып...
28 қаңтар 2006ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter