Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
114
Ғашық болу
Бастап берді білмеймін бұл әнді кім,
Жел аударса желпілдеп қолаң бұрым.
Ұшырасып,
Жымиыс күші басып
Өтеміз-ау,
Алайда күмәндімін.
Махаббат – гүл шараң не сорға шықса,
(Кездеседі алдыңнан ол да асықпа.)
Ентелер тым арада ерке толқын,
Мен ғашық па?
Білмеймін, ол ғашық па?
Кездесер деп барамын бақ кешіне,
Жалғыз қайтам,
Бұйырмай бақ – несібе.
Көз ілмеймін...
Ол қамсыз жатқан шығар?
Таңнан құлап ақ сәуле ақ төсіне...
Көзде жатыр көміліп көмескі ұғым,
(Шығарады есінен елесті кім?)
Білдірсем бе?
Жо... жо... жоқ білдірмейін,
Айтса қайтем ол ғашық еместігін?!
...Кезегіңе белгілі асық болу,
(Өзеннің де өмірі – тасып - солу.)
Мұң сыздатып өтсе де жүрегіңді,
Тылсым бақыт біреуге ғашық болу...
Мамыр 2000 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter