file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  344


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бақас жандап, білеген де қылышын

Бақас жандап, білеген де қылышын,
Естіп пе едің – әз бабыңның тұрысын?!
Сүйем жер мен түйір тастың қаны үшін,
Төгілмеген қан-қан болмай құрысын!
Айта жүру тым орынды бір ісін:
Жау қысқанда –
Қатын елде, бала белде депті де,
Құтқарыпты туысын.
Түсінікті бәрі де.
Түп тамыры әрі де ғой, әрі де...
Айтшы бауырым!
Сексенде де сері көңіл кәрі ме?!
Олай болса саусағыңды бүге бер
Елуінде есін алған қыздардың,
Алпысында арқасы ұстап таң күткен,
Жетпісінде желік қуып, желдіріп,
Сексеніңде серілігі қалмаған,
Атақ-даңқы өр бабаң, бұл зор бабаң!
Жеті әйелді қыздай алған,
Жетпіс ару – гәрем де.
Ері-ерен де, салт-дәстүрі терең де.
Ал біздерді айт:
Жабы. Жасық. Маңырақ.
Отызында қожырап...
Онан ары... одан әрі...
Үміт, шіркін, азырақ-ау, азырақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу