Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  104


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Мен – мәңгілікпін!

Мен – мәңгілікпін!
Бара жатқандар мен келе жатқандардың ара ағайыны.
(Пәни-бақи деген – жәй, жол айрығы).
Маған сенбе: (Күмән – тұман, ылаң-жылан өмір ғой)
Құлпытасқа көз саларсың:
(Ей, жолаушы – сіз де біздей боларсыз...)
Наларсың... Нанарсың...
Жауабыңды табарсың!
Менің жаным маған дейін,
Дамылдапты кеуделер де сан мәрте.
Енді, міне, мені де жүр қалқайтып,
Ортайтып. Марқайтып.
Көшсең көш тек қартайтып! (Пенделік бұл)
Талай сырымды алдырыппын тағдырға.
Талдырыппын талай көзді күттіріп,
Мал қылыппын талай бөзді – мықтылық!
Енді, міне,
Бара жатырмын,
Келе жатыр кім
Шекара да ұлым тұр:
Төккен нұрым, еккен гүлім тұр.
Ол – мәңгіліктің көзі!
Мен – мәңгіліктің өзімін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу