file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  154


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жасып өткенім...

Жасып өткенім,
Тасып өткенім,
– Көп дер кім?
Ғасыр өткенін,
Нәсіп ектенін,
– Тектер кім?
Қасіреттерім,
Қасиеттерім,
– Бағаң не?
Ғашық еткенің,
Қашық еткенің,
– Амал не...
Көздің жасы да,
Ездің басы да,
– Бейдауа!
Тірі – тірес тек,
Өлі – үні өшпек,
– Ей, бала!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу