Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  164


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Қағып тұрмын жүрегіңнің есігін

Шым-шытырық,
Бұлты ұмсынып,
Сұрқын бұзып тұр өңір,
Содан солып бара жатыр,
Көктемі бар гүл өмір.
Еркежан сен
Күнде кіріп жүрсің менің түсіме,
Түсіме де,
Жүрекке де кіре біл.
Ақпандағы,
Шатқалдағы секілденіп жетім тал,
Тұр көңілім құлазумен,
Жолдарым да кесір, тар.
Күш алдырдың,
Тұтандырдың,
Мәңгі саған күйейін,
Жүрегіме махаббаттың отын сал.
Жүректегі жұмбақтардың өзің айтшы шешімін,
Аталар ма мәңгі бірге
Есімім мен есімің.
Мұң жүдетіп,
Дір-дір етіп
Қағып тұрмын жүрегіңнің есігін...



Наурыз 2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу