file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  140


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ЫСТЫҚ КӨЛ – ЫСТЫҚ...

Қырғыз қызы, қор қыз Қаныша-ай!
Ішті өртеді қызығу, қызғаныш-ай!
Басқа жұртқа бақ болып жанған жұлдыз,
Арман жұлдыз,
Жүректің сыздағышы-ай!
Төрткүл әлем, түгел жұрт арбалғандай,
Балғын тәнің, бал әнің... Арман қандай!
Сен бар жаққа ауады аңғал аңсар,
Назды үніңе сусыны қалған қанбай.
Атыңды айтып бәр-бәрі шулағаны-ай,
Мұң-наланы-ай,
Жүректің тулағаны-ай!
Жерлесім дей жүрер ем тым болмаса,
Өзім өскен ауылда тумағаны-ай?!.
Алқынасың, іздейсің, шарқ ұрасың-ай,
Ыстық көлше шалқиын, шалқығасын-ай!
Тағы келші біз жаққа – қыз Қаныша-ай,
Тағдырымның жұлдызы жарқырасын-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу