file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  127


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бір атқанда дарымай...

Бір атқанда дарымай,
Екі атқанда дарымай,
Үшке... енді жарымай,
Алдап та соққан, зарым-ай!
Соғып қалған саның ай!
Арбап та өткен сағым-ай...
Сағым-ай, беу, сағын-ай...
Аспанда жоқ, жерде жоқ,
Жайын білер пенде жоқ.
Ұшар қанат дерге жоқ,
Оған дауа, ем де жоқ.
Білтедей-ақ қалғаны –
Жанып болған шамдағы.
Бұл пәнидің жалғаны,
Бұл пенденің арманы,
Осы екен бар болғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу