Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
114

АЙ-КӨҢІЛ
Өр шабыттай дауыдаттың,
Өртеп өтсем дедің бе?
Ақша бұлттай мамырлаттың,
Еркелетсем дедің бе?
Бірде жайлы, бірде долы,
Өзгермейтін қайда өмір?
Бірде орта, бірде толы,
Уа, дәриға. Ай-көңіл.
Қорғасындай ауырлаттың,
Өр не қылсын дедің бе?
Таңбасындай ауыл жақтың,
Жерде жүрсін дедің бе?
Күндерім көп жүрген үнсіз,
Мазалайды жай небір.
Бірде нұрлы, бірде нұрсыз,
Уа, дәриға. Ай-көңіл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇