file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  117


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Күлім қапты орнымда...

Күлім қапты орнымда,
Өртеп кеттің демімен.
Оранбаса жаным мұңға,
Жыр жазбас та едім мен.
Терезеден кірген самал,
Көкке шашты күлімді.
Жеткен екен іздеп саған –
Бақытына бүгінгі.
Келеді әне, дауыл, дауыл!
Ұшам, қалай шыдармын.
Жүзіңе қонса ақтозаң күл,
Сүртпе, сол мен шығармын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу