file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  118


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Ғұмырда қысқа оянып....

Ғұмырда қысқа оянып,
Өтетін күндер той анық.
Аспандай бермей, әредік
Өлімді де ойлап қоялық.
Күншығыс көркем боялып,
Сарқылмас содан ой алып.
Құдайсынсынармыз... дегенмен,
Өлімді де ойлап қоялық.
Өзен ғой өмір, бойы – нәр,
Әркімнің көрер тойы бар.
Бейне бір нүкте – Өлімнің,
Қолымен Хақың қойылар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу