file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  127


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Қайдам... мені бақытты дедің...

Қайдам... мені бақытты дедің,
Жүйкеге сыз батыпты не бір.
Иліге алмай қатыпты белім,
Кінәлайсың уақытты жебір.
Қайдам... мені бақытты дедің,
Шаттанған сәл шағымды көріп.
Таса да қалып қатықты кебім,
Салмағым бітіп, шайылды көрік.
Мен бақытты боламын қалай,
Боталатып қойып көзіңді сенің?!
Тоңамын солай, соламын солай,
Төркінсіз етіп төзудің соңын.
Иіп келеді еңсені жайлап,
Аттап бассаң ағаттық кілең,
Сен мені ойлап, мен сені ойлап,
Және бір таңды ағарттық, білем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу