Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
149

Сұранып – үміт келмеді....
Сұранып – үміт келмеді,
Сұрланып – ұмыт дер ме едің?
Суалып тынып кеудені –
Жұбата алмай шөлдедім.
Уанып тұрып – өксуден,
Дұға ғып – мұңын тексіндім.
Құба-құп – күнді көпсінген,
Пенделігіңе тепсіндім.
Буланып тұнық шөл болды,
Уланып шыбық семді ол да.
Былғанып құлық көр болды,
Мен қалам онда, сен қалма.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇