file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  204


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Зеңгір де зеңгір, зеңгір көк...

Зеңгір де зеңгір, зеңгір көк,
Зеңгір көк асты сеңгір тау.
Алдыңнан жұпар жел гулеп,
Теңбіл көк мін де желдірт, ал.
Желдірте шауып кеңге шық,
Кеудеңді шаттық кеулесін.
Барады бұлттар көл кешіп,
Қалдырып аққу бейнесін.
Сай-сала андыз ақ орда,
Түтіні аулақ қауышқан.
Тұғырға өзі қонар ма?
Балапан бүркіт жаңа ұшқан.
Күрпілге күрпіл қосылар,
Иісін-ай, саумал, қымыздың.
Жолаушы жолдан тосылар,
Қымыздан күтіп ырзығын.
Түнімен қойды күзеткен,
Маң төбет марғау үреді.
Шолпылы сұлу ізетпен,
Самауыр жақта жүреді.
Мен туған жерде жаз жайлау,
Болатын дәл осылай.
Жарылып кете жаздайды-ау,
Құмар бір қойды-ау басылмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу