Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
125

Күніне мыңдап, түмендеп...
Күніне мыңдап, түмендеп,
Жастанар жазым адамдар.
Еркіңе дендеп кірем деп,
Анталайды арандар.
Білем деп, біреу күлем деп,
Шаң қабады, қараңдар!
Жолыңа қалай гүл өнбек.
Санасы көр, сараңдар.
Итке итше үрем деп,
Адам күнін тәмамдар.
Етегін елдің түрем деп,
Сүріліп қалған надан бар,
Сүрініп қалған жаман бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇