Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  97


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Тебірентер едің...

Тебірентер едің,
Емірентер елің.
Егілтер едің де,
Соңыңа ертер едің.
Жадыратар едің,
Жалын атар едің.
Жамыратып күйді,
Аңыратар едің.
Аспандатар едің,
Бостандатар едің.
Жаз боп кетер ме еді,
Тастан қатал өңім.
Ентелер едің,
Еркелетер едің...
Ерте кетер едің де,
Өртеп өтер едің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу