file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  109


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Мына күннің нұсқасы-ай

Мына күннiң нұсқасы-ай,
Жаз дегенiң қысқа сай.
Бiр орамға жетпейдi-ау,
Ғұмырыңның қысқасы-ай!
Өңiңдегiң түске сай,
Нәзiктiгiң күшке сай.
Батырлардың олағы-ай!
Залымдардың ұстасы-ай!..
Адастырар бастаса-ай!..
Пейiл қара тасқа сай.
Адал жолдың тұманы-ай,
Арам жолдың қасқасы-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу