Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
185
ҒҰМЫР ДЕГЕНІҢ ОСЫ МА?
Қуанғым келіп,
Гүл десте тағып шашыма,
Сәттерім қанша,
Сүйінген, сенген, жасыған?
Сәттерім қанша тасыған?!
Өзімді қойшы, алдай алмайтын өмірді,
Көп ішіндегі жалғыздығымнан шошынам,
Ғұмыр дегенің осы ма?
Жалықтым бәлкім,
Жасандылықтың тезінен,
Уақыттан, мұңнан,
Шаттықтың тіпті өзінен.
Жабығып жүрмін,
Жалқы бір күймен алысып,
Сағынышымнан қалайша,
қайтіп безінем?!
Нәзіктігімді білдім бе?
Тәңірді көрдім,
көзінен кейде гүлдің де.
Кездерім қанша,
Жазықты болып үлгірген?!
Кездерім қанша?
Карашығымнан күн күлген,
Күйтабақтағы қоңыр әуенге қосылып,
Қимастық дейтін құдірет болса,
көндім мен,
Жазмышқа осы сендім мен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter