Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  146


Автор: Толқын Қабылша

МЕНДЕГІ МҰҢНЫҢ ҰҒЫНА АЛМАЙСЫҢ КИЕСІН

Сені кейде грек сұлуларына ұқсатам деді ол.
Сен кейде сондай жұмбақсың!» деді және біреу.
– Ақындар, сендер осы өлеңде өліп-өшіп ғашық боласыңдар,
ия?! – деді әлдекім.
Білемін, кейде, болмысым көпке кереғар,
Тағдырым анық,
түсіне алмайды мені олар.
Афродитадай Гефестті сүйген от болып,
Кеудемде ыстық жебе бар.
Афинадағы аңыздай жұмбақ есімі,
Ақынның жаныТағдырдың қилы шешімі.
Гомерлер сүйген «Иллиада» сынды дастаны,
Ғұмырым менің- От пенен Судың кесімі!
Зевс те ұқпас, Ахиллес мәңгі құша алмас,
Мендегі сезімТәңірдей тылсым, күш, алмаз.
Жер менен Көктің арасын кезген құдірет,
Тәнті еткен мені күш алғаш.
Қос қанатымен әлемді құшқан талайлар,
Дәл мендей биік ұша алмас!
Сұлу да деме,
Мифтегі мүсін- кейіпкер,
Ұғынғың келсе, жанымды бір сәт сүйіп көр!
Нәркестеу мынау жанардың төзсең отына,
Асқақтау мендік болмысты мына иіп көр!
Мендегі мұңның ұғына алмайсың киесін,
Дейсің бе, маған,
Өртеніп неге сүйесің?!
Алапат жанын алқаракөкке ұсынған,
Мендегі тылсым күй осы.
Адалдығымның, ғазал жырымның жердегі,
Бір өлең жалғыз иесі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу